28.11.2023, 17:30
Оқылды: 45

Алаштың Әлжаны

Сол жылдары Торғай облысында Алашты қолдағандар қатарында 22 жастағы Әлжан Махмұтұлы Байғаринде болады.

жп дала

Ол Қостанайдағы орыс-қазақ реалдық училищесін бітірісімен 1916 жылы І дүниежүзілік соғыстың қара жұмысына алынған қазақтар арасында Минск түбіндегі окоп қазу жұмысында болады.

1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейін майданнан оралғандар қатарында елге келген бетте революциялық қозғалыстарға араласып, 1917 жылғы 20-25 тамыз күндері Ақтөбеде өткен Торғай қазақтарының екінші облыстық сиезі мен 1918 жылдың 14-17 қазан күндері өткен Қостанай қазақтарының уездік сиездерін өткізуге белсене қатысады.

1920-1937 жылдары Мәскеу университетінің медицина факультетін бітіріп, 1925-1929 жылдары Қостанайда, 1929-37 жылдары Қазақ АКСР-і Денсаулық сақтау халық комиссариатында дәрігерлік қызмет атқарады.

Алайда 1937 жылғы қуғын-сүргін Әлжан Байғариндіде айналып өтпей, оған «алашшыл», «ұлтшыл» деген айып тағылып үштіктің шешімімен атылады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале