Бұл мәселе Казталов ауданында өткен әкімдердің халық алдында есеп беру жиындарында көтерілген болатын.
Бүгін халық жиындары Бірік, Тереңкөл ауылдық округтерінде өтті. Жиынға Казталов ауданы әкімінің орынбасары Рашид Иманғалиев, салалық бөлім басшылары мен ауыл тұрғындары қатысты.
Жиындарда округ әкімдері Жігер Жакиев пен Сабыржан Ищанов жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап беріп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап қатты.
Негізінен қос округтің тұрғындары қоғамға ортақ мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын да жолдады. Халықтың назына тоқталсақ, ауылдарға техникалық су тарту мен ауылдардың ішіне асфальт жол салу мәселесі айтылды. Расында бұрын халық ауылға жететін жолды сұраса, аудандағы ауқымды жобалар іске асқан сайын халықтың да сұранысы заманға сай болып отыр.
Нұр Рахман,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz