Оралда алғаш рет облыс теологтарының жұмысына тың серпіліс беру мақсатында «Үздік теолог – 2023» байқауы өтті.

Алғаш рет өткен байқауда 11 теолог ішінен жыл бойы атқарылған жұмысын таныстырып, арнайы дайындалған сұрақтарға сүрінбей жауап берген сырымдық Абдувахид Бабаханов І орын иеленді.

Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының теолог маманы Абдувахид Бабаханов пен жүлдегерлерге арнайы сертификат табысталды.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz