ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси жұмысқа белсене араласқан, Алаш қозғалысына қатысушы қазақтың білімді де, іскер ұлдарының бірі - Әбдрахман Байділдин еді.
Ол 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін бірден Ақмола облысында Қазақ комитетін ұйымдастыруға атсалысып, өңірдің көшбасшысы ретінде таныла бастайды.
Ал 1919 жылы Алаш Орда делегациясы құрамында Уфа мен Самара қалаларына барып, онда Кеңес үкіметіне қарсы күштермен бас қосып, оларға қарсы тұрудың жолдарын қарастырған жиналысқа қатысады.
1920 жылы Алаш Орда таратылғанда РК(б)П комитетінің мұсылмандар секциясының төрағасы болып сайланады.
1921-1923 жылдары «Еңбекші қазақ» және «Қызыл ту» газеттерінің редакторы, Орал облыстық партия комитетінің үгіт және насихат бөлімінің мүшесі болады.
Келесі 1926-1928 жылдары республикалық оқу-ағарту қызметкерлері кәсіподағының төрағасы болып жүргенде, 1929 жылы басталған қуғын-сүргін кезінде «алашшыл», «ұлтшыл» деген айыппен тұтқындалып, екі жылдай қамауда отырып, 1931 жылы ату жазасына кесіледі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz