29.11.2023, 10:45
Оқылды: 54

Париж - 2024: Астанада кеңейтілген алқалы отырыс өтіп жатыр

Елордада Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен дене шынықтыру және спорт саласындағы мәселелер және ел спортшыларының Парижде өтетін XXXIII жазғы Олимпиадаға дайындығы мен қатысуы бойынша кеңейтілген алқалы отырыс өтіп жатыр.
c7ac5782-faae-4b66-860d-fd78d24d4f3a
Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Басқосуға өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармаларының басшылары, Ұлттық Олимпиада комитетінің, республикалық федерация өкілдері, ұлттық құрама командалардың бас жаттықтырушылары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша Мемлекеттік жаттықтырушылары және ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары қатысып жатыр.Жиын барысында қатысушылар күн тәртібінде тұрған бес мәселені талқылайды.

Олар: спорт түрлері бойынша ұлттық құрама команда спортшыларының лицензиялық жарыстарға және 2024 жылы Парижде өтетін 33 жазғы Олимпиадаға дайындық барысы, Қазақстанда спорттық медицинаны дамыту, спорттағы допингке қарсы бағдарлама, спорт резервін және жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жүйесі, мұныамен қоса саланы дамытудың негізгі міндеттері айқындалады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале