29.11.2023, 11:15
Оқылды: 51

Құны – 5 миллион теңге: әлем чемпионы Мария Бровковаға арнайы қайық алып берді

Ескек есу спорты облысымыздағы алдыңғы қатарлы спорт түрлерінің бірі. Өңір ескекшілері ел құрамасы сапында талай байрақты бәсекеге шығып, көк Туымызды биікте желбіретті.

e81b4226-082c-42e1-ae6c-25f1aad5d11c

Ал Мария Бровкова, Андрей Ергучев және Александр Акуничников сынды спортшылар әлем чемпионы атанды. Қазақстандық қыздар арасында алғаш болып, төрткүл әлемді мойындатқан спортшы қыз Мария Бровкова келер жылы Парижде жалауы желбірейтін олимпиада ойындарында жүлде алады деген үміткерлер қатарында. Десе де оған лицензия жеңіп алу керек.

bd1b4384-7d3b-441e-a39e-173970b90427

Бабы келісіп тұрса да, ескек есу сияқты техникалық спорт түрінде шабандоздың сайманы да сайлы болғаны көп нәрсеге әсер етеді. Оның үстіне облыс ескекшілері соңғы жылдары жөнді қайық алмағыны да көпке аян.
Олимпиада жүлдесіне үміткер бар екенін ескерген облыс әкімі Нариман Төреғалиев арнайы тапсырма беріп, әлем чемпионы Мария Бровковаға қайық алуға қолғабыс етті. Қазақ елінің атын айдай әлемге паш етіп жүрген спортшыға қажетті қайық пен ескек алуға жергілікті кәсіпкерлер мұрындық болды.
– Құны 5 миллион теңге болатын қайық Машаға арнайы жасалды. Еуропадан алынған қайық оның салмағы мен бой өлшеміне сәйкес келеді. Ескек есу спортында жақсы қайық үлкен мүмкіндік береді. Енді наурыз-сәуір айларында өтетін лицензиялық турнирде жаңа қайық алған Бровкова барша қазақ елін үлкен қуанышқа бөлеп, олимпиада жолдамасын жеңіп алады деген үміт бар, – дейді облыстық байдарка, каноэ және академиялық ескек есу федерациясының басшысы Юрий Казанин.
Одан бөлек Оралда ескекшілер тәрбиелейтін 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жағдайы да мәз емес еді.

Ол туралы «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде де жазылды.

20 жылдан астам уақыт сылақ көрмеген спорт мектебінің төбесінен су кетіп, қабырғасы да, ауласы да әбден тозған-ды. Соған қарамастан мектеп басшылығы мен бапкерлер құрамы жаттығуды тоқтатпай, чемпион дайындаудан таймады. Биыл аталған мектептің төбесі жаңаланды. Ауласына арнайы тас төселіп, барлық экологиялық талапты сақтай отырып, қосымша ғимарат салынды.
– Осының барлығы ескекшілерге, жалпы спортқа деген үлкен қолдау. Облысымызда үш әлем чемпионы бар. Енді олимп шыңын бағындырар спортшы дайындауға күш саламыз, – деді Ю. Казанин.

Түгелбай Бисен,
«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале