Алматыда өрттен 13 адам көз жұмды.
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандардың жеке тұлғасы анықталып жатыр.
Алматы қаласының төтенше жағдай департаменті мәліметіне сәйкес, өрт Әди Шәріпов көшесіндегі бірінші қабаты мен жертөлесі хостелге айналған тұрғын үйде болған. Өрттің жалпы ауданы 30 шаршы метр. Өрт болған кезде тұрғын үйде 70 адам болған.
qazaqstan.tv