1.12.2023, 23:52
Оқылды: 50

Жаңақалада іскер аналар форумы өтті

Бүгін Жаңақала аудандық аналар кеңесі "Аналар ісі – береке, бірлік бастауы" деген атаумен аудандағы Рухани орталық ғимаратында тағылымы мол шара ұйымдастырды.

ccf9045d-2d01-40d3-abc8-815d848f8b56

2013 жылы негізі қаланып, қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған аталмыш ұйымның табиғи өнімдерді қолжетімді бағытта тұрмыста кеңінен қолданып, үйде отырған аналарға өз кәсібін ашуға негіз болу мақсатында өткен семинар отырысына Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Руслан Ғұмар, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, БҚО Орал қалалық «Аналар үйі»-нің басшысы Зәмзәгүл Шканова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы директорының м.у.а Мариэтта Дәулетиярова, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қоғамдық келісім» әлеуметтік бастамалар және қоғамдық келісім бөлімінің аға кеңесшісі, аналар кеңесінің жұмысын үйлестіруші Гүлбақша Ғабдуллина, БҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ағайын» қазақ ұлттық бірлестігінің мүшесі Сәлима Құспаева мен аудандағы көргені мен ілгені мол, парасат-пайымы жоғары, үй мен түздің тірлігін қатар алып жүрген ұстаздар, мәдениет саласының майталмандары, үй шаруасындағы аналар және мектеп оқушылары қатысты.

1b1ecc03-5a6a-4106-9d69-6da632b1f1dc

Қашанда ұлттық дәстүрімізден жаңылмаған өлкеміз қонақтарды ақпен, сондай-ақ аудандық мәдени-демалыс орталығының көркемөнерпаздары мен аталмыш орталық жанынан құрылған халықтық «Айзере» әжелер ансамблі сазды бағдарламаларымен қарсы алды.

83689364-0fcf-4668-aadf-005f32f84b67

Одан кейін жоғарыда айтып өткеніміздей, бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербете жүріп, қосымша кәсіп көзін ашып, бүгінде нәсібін көріп жүрген аналарымыз өз қолдарынан дайындаған туындыларымен таныстырды.

0a2ada95-4ca1-41e1-979e-2e868dcefaf6

Аудандық коворкинг кітапханасының кітапханашысы Нұржанар Меңдешева «Аймақты дамытудағы аналар үлесі» атты жаңақалалық кәсіпкер әйелдерге арналған көрмеге шолу жасады.

Руслан Қонысбайұлының құттықтау сөзімен ашылған семинардың екінші бөлімі ғимараттың екінші қабатында орналасқан мәжіліс залында жалғасын тапты.

dbf9406f-84fa-499d-a49d-6d8d3ca89034

Бұл бөлімде Қызылоба ауылының тұрғыны, ұстаз Назгүл Екпінқызы төрт түліктің жүндерін пайдаға асыруға болатынын айтып, түтілген түйе жүнінен үйге киетін жылы тәпішке дайындап көрермен назарына ұсынды.

e3aad7ea-365c-43d1-9f00-9cb1856a3162

Сондай-ақ Жаңақазан ауылының келіні, тоқыма өнерін дамытып жүрген Зоя Ахатова мен Мәстексай ауылының келіні, аспаздық өнерімен шыңдалып үлгерген, республикалық іскер әйелдер VI форумының делегаты Ақмарал Алдоңғарова күн райының қолайсыздығынан шараға қатынаса алмаса да, бейнеролик арқылы жұмыстарын көрсетті.

d62c4a95-d973-4863-acfd-f3ad8c03e3cf

Сонымен қатар нәзік жанды кәсіпкерлерімізге көрермен көкейін қызықтырған сұрақтар қойылып, сол мезетте өнімдерін алуға тапсырыстар да түсті.

702c3f90-428c-4c59-9196-7c6988297c06

Шарада облыстан келген мамандар мен Жаңақала ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, ақын Закария Сисенғалиға кезекті сөз кезегі ұсынылып, бүгінгі тақырып төңірегінде ойларымен бөлісіп, ізгі лебіздерін жолдады.

a767c18a-9f9a-4379-88ab-808d79c40d00

Жиын соңында Жаңақала аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ақмарал Аманқызы қатысқан барша жандарға алғысын жаудырып, ауданымыздың бір топ аналарына республикалық аналар кеңесі төрайымының атынан алғыс хат үлестіріп, «орамал тон болмайды, жол болады» демекші, қаладан келген қонақтарға естелік сыйлық табыстады.

3bec69a7-c2b4-4705-a985-15a0d13cb379

a8861832-c975-4705-b88f-6bdf94a57879

Әлемнің жарығын сыйлаған аналарымызға арналған әсерлі кеш әдемі әнмен қорытындыланды.

Айзада Ақбасова, 

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале