4.12.2023, 15:30
Оқылды: 10

«Аронның» екпіні қандай?

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов Жосалы ауылдық округіне қарасты жұмысын бастағанына көп болмаған «Арон» шаруа қожалығының жұмысымен танысты.

Арон

Қожалық жетекшісі азаматтығын аудан жұртшылығы жақсы білетін Кеңес Мырзағалиев болса, жұмысын жүргізуге ұлы Асланбек қолғабыс етеді.

Арон 2

Қожалық былтыр «Аграрлық несие корпорациясынан» 30 миллион теңге несие алып, 103 бас герефорд аналық пен төрт бас бұқа сатып алған болатын. Бүгінде шаруашылықта барлығы 150 бастай ірі қара бар.

Арон

Шаруа қожалығы жерді 10 жылға жалға алды. Қос пен қора салды. Мал суаруға құдық қазды. Енді жарық пен газ тартуды жоспарлап отыр. Болашақта қосымша жер алуды көздейді. Қарауында бір адам тұрақты жұмыста болса, жазда шөп шабуға және қыста мал бағуға маусымдық жұмысшылар алынады.

Қожалық қысқы мал азығын ойдағыдай жинап алды.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале