Қазіргі таңда колледждерде 80 мыңнан астам студент педагогикалық мамандықтар бойынша білім алып жатыр. Оның 43 мыңы мемлекеттік тапсырыс бойынша. Бұл туралы Үкімет отырысында оқу-ағарту министрлігі Ғани Бейсембаев хабарлады.
Оның айтуынша, кадрларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында «Мұғалім» кәсіби стандарты бекітілген.
Колледждер жұмыс берушілермен бірлесіп 554 білім беру бағдарламасын жаңартып, енгізіп жатыр.
Қазірдің өзінде 6 мыңнан астам мұғалім біліктілігін арттырды.
Республикадағы қажеттілікті ескере отырып, педагогикалық кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырыс жыл сайын артып келеді.
Биылдан бастап колледждерге педагогикалық мамандықтарды ашуға қойылатын біліктілік талаптары да күшейтілген.