Бүгін Батыс Қазақстан облысы ТЖД басшылығы жыл бойы ТЖ алдын алу және жою жөніндегі жұмысқа белсенді қатысқан волонтерларға алғысхаттар табыстады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
«Төтенше жағдайлар саласындағы үздік волонтер» номинациясына Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің ІІ курс студенті Саясат Жарас ие болды.
Сонымен қатар БҚО ТЖД бастығының алғысхатымен бірқатар ұйымдардың өкілдері марапатталды.