6.12.2023, 11:15
Оқылды: 32

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны ірі есеппен ұтты

«Астана Арена» стадионында футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Арменияны қабылдады, деп хабарлайды Kazinform. 

1fef76c5-8831-4c3c-ad8d-ed35203e3cea

Фото: sports.kz

Бұл Қазақстан командасының УЕФА-ның Ұлттар лигасындағы соңғы, алтыншы матчы еді.

Бірінші таймда 40-минутта Қазақстан құрамасының капитаны Юлия Мясникова есеп ашты.

Екінші кезеңде 48-минутта Аида Гайстенова есепті 2:0-ге жеткізді. Он минуттан кейін Ю.Мясникова екінші голын соқты. 68-минутта Армения ойыншысы Клаудия Чолакян айып добын орындады. Доп Қазақстан қақпашысы Ангелина Портнованың арқасына тиіп, қақпаға кіріп кетті. Дегенмен 71-минутта Камила Құлмағамбетова матчтың нүктесін қойды – 4:1.

Алты турдың қорытындысы бойынша Мадияр Кембілов жаттықтыратын Қазақстан С4 тобында 8 ұпаймен үшінші орынға ие болды. Израиль (16 ұпай) көш бастаса, Эстония (10 ұпай) екінші сатыға жайғасты. Ал Арменияда бірде-бір ұпай жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале