6.12.2023, 23:00
Оқылды: 43

Республика бойынша қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі елдегі қызылша ауруының таралуына қатысты соңғы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Kazinform.

IMG-20231206-WA0000

«Бүгінгі таңда қызылша бойынша қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр. 2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 20 188 жағдайы тіркелді. Оның 81% - ы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі, бұл - 16 351 жағдай. Жасөспірімдер арасында 706 жағдай тіркелді – бұл ересектер арасында 3,4% және 15,4% тіркелген, яғни 18 жастан асқан – 3 131 жағдай», - деді Денсаулық сақтау минитсрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасы Манар Смағұл Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Қызылша аурулары барлық аймақтарда тіркелген.

«Қызылша жұқтырғандардың көбісі Шымкентте – 3 069 жағдай, 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш – 263,5, Алматыда – 3 010, Алматы облысында – 1812 жағдай, Жамбыл облысында – 2 724, Маңғыстау облысында – 1701, Атырау облысында – 1377, Ақтөбе облысында – 1485 жағдай және Қызылорда облысында-1182 жағдай тіркелді. Күн сайын ел аумағында қызылшаның 350 - ге жуық жағдайы тіркеледі және негізгі сырқаттанушылық вакцинацияланбаған адамдарға тиесілі. Ауруды жұқтырғандар вакцина алмаған. Оның ішінде 83,6% балалар», - дейді ол.

Оның айтуынша, ұжымдарда, 643 мектепте қызылшаның 1466 жағдайы тіркелді. Соңғы 72 сағат ішінде 3898 адамға вакцина салынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале