Бүгін Астана қаласында республикалық «Үздік педагог – 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Республика бойынша 64 мұғалім «Үздік педагог» атағына ие болды.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев өз мамандығы бойынша үздік атанған педагогтерді марапаттады. Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі және 3 450 000 (1000 АЕК) теңге ақшалай сыйақы берілді.
Батыс Қазақстан облысынан Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының «Дарынды балаларға арналған «Білім-инновация» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ биология пәнінің мұғалімі Қуандық Әбдешев пен Орал қаласындағы «№16 жалпы білім беретін мектебі" КММ биология пәнінің мұғалімі Анна Дудина «Үздік педагог – 2023» төсбелгісімен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2 маусымдағы №157 бұйрығы негізінде өткізілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсы республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 64 ұстаз үздік атанды.
Жеңімпаздарға «Үздік педагог» куәлігі мен төсбелгісі және 3 450 000 (1000 АЕК) теңге ақшалай сыйақы берілді.
Орал қалалық білім бөлімінің
баспасөз қызметі