6.12.2023, 23:25
Оқылды: 46

Прокуратура кубогі – лицейде

Бүгін Прокуратура қызметкерлері кәсіби мерекесін тойлайды. Атаулы күнге орай Сырым ауданында 2010–2012 жылы туған жасөспірімдер арасында шағын футзалдан аудан біріншілігі өтті.

IMG-20231206-WA0366

Біріншіліктің ашылу салтанатында Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов, аудан прокуроры Нартай Байменов сөз сөйледі.

А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында 12 команда кездесіп, өзара мықтыны анықтады.

IMG-20231206-WA0365

Финалда Сырым лицейі мен Қ. Мырзалиев атындағы мектептің жас аяқдопшылары жолықты. Жартылай финалда Ж. Досмұхамедов мектебіндегі замандастарын 0:5 есебімен жеңген «Мырзалиевтіктер» кубок үшін таласта бұдан да жарқын ойын үлгісін көрсетеді деп сенген едік. Дегенмен, алдыңғы ойын ауырға түскен сыңайлы. Лицейге қарсы шабуылдардың бәрі нәтижесіз аяқталды. Керісінше, лицейліктер қарсыластар қақпасына жауапсыз 3 гол соғып, біріншілік жеңімпазы атанды.

Қайсар Есболаев «Үздік қақпашы», Аян Мәдиев «Үздік қорғаушы», Берген Орынбасар «Үздік шабуылшы» ретінде танылса, Есенаман Саламатұлы «Үздік ойыншы» болды.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале