7.12.2023, 22:00
Оқылды: 68

Казталовта 16 күндік акция жалғасуда

Облыс көлемінде «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан күндері аралығында бастау алды. Акцияның жалғасы ретінде 7 желтоқсан күні Казталов аудандық кітапханасында  «Зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні» акциясы аясында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау – ардың ісі» атты дөңгелек үстел өтті.

408978059_815515297251364_8118937973138193008_n

Шараға Казталов аудандық сотының судьясы Бахытгүл Жангирова, Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айша Әбішева және  ауданның, ауылдық округтің ақсақалдар төрағасы, аудандық аналар кеңесінің төрайымы қатысып, акцияға үн қосты.

Дөңгелек үстелде қатысушыларға сенім телефондары мен тұрмыстық зорлық- зомбылық көрген жаңдарға қалай көмектесу керектігі көрсетілген жадынамалар таратылды.

408682096_815515257251368_7834477111123907134_n

Шара барысында Казталов аудандық сотының судьясы сөз алып, қазіргі таңда Әкімшілік құқықбұзушылық бабы бойынша 73 іс сотта қаралғанын жеткізді. Ол тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын мейлінше көп жүргізу және қазіргі уақытта заң жүзінде айыппұл салудың жойылғандығы, бір рет заң бұзған адамның қайтадан заңды бұзуға мүмкіндігі көп екендігін айрықша атап өтті.

Кәсіби медиатор Марат Тоясов та сөз алып, барлық еңбек ұжымдарына заңдағы өзгерістер туралы ақпараттандыру жұмыстарын көбірек жүргізу, тұрмысы төмен отбасыларды жұмысқа орналастыруға атсалысу, қоғамдық ұйымдармен бірлескен түрде күнделікті рейд жұмыстарын күшейту және түрлі кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламаларға қатыстыру мәселесін көтеріп бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін жеткізді. Еркін форматта өткен дөңгелек үстел барысында аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалр бөлімінің басшысы Әлия Жақсыбаева жастарды тәрбиелеудің қажеттілігін арттыру, еңбекке ерте араластыруды, ауылдық округ көлемінде атқарылып жатырған жұмыстарды барлық білім беру ұйымдарының тәрбие сағаттарында насихаттау жұмыстарын ұйымдастыруды ұсынды.

408691586_815515270584700_9058077115885088615_n

Шара соңында келген қонақтармен психолог тарапынан «Ашулы шарлар» мен «Өрмекші торы» тренингтері ұйымдастырылып, шақырылған қонақтар белсенді түрде қатысты.

Әсем Халиуллина,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале