9.12.2023, 11:00
Оқылды: 61

Сауда министрлігі: Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін

Ашық НҚА порталында «Қазақстан Республикасының аумағында уақытты есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 23 қарашадағы №1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Үкімет қаулысының жобасы жарияланды.

6213d3ea1dc87638907638Фото дереккөзі: ratel.kz

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында екі сағат белдеуі (UTC+5, UTC+6) қолданылады. Бұл ретте ел азаматтарының едәуір бөлігі өзінің географиялық уақытынан оза отырып - UTC+6 әкімшілік сағат белдеуі бойынша өмір сүреді. Ал аумақтық көрсетілген өңірлер UTC+5 сағат белдеуінде орналасқан.

Ғалымдардың пікірінше, озық уақытты қолдану бірқатар аурулардың шиеленісу факторларының бірі болып табылады. Осыған байланысты еліміздің жекелеген өңірлерінің азаматтары, қоғам белсенділері, Парламент депутаттары Қазақстан Республикасында, оның ішінде Қызылорда және Қостанай облыстары үшін уақытты есептеу мәселелерін мезгіл-мезгіл көтеріп отырды.

Осы мәселені кешенді пысықтау мақсатында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің жанынан тиісті жұмыс тобы құрылды, оның құрамына 60-тан астам адам, оның ішінде ғылыми институттардың, медициналық жоғары оқу орындарының өкілдері, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері мен қоғам белсенділері кірді.

Жұмыс тобының бастамашыл мүшелері озық уақыттың әлеуметтік салдары адамның созылмалы ұйқының қанбауы, физикалық және ақыл-ой белсенділігінің, иммунитеттің төмендеуі болып табылатындығы туралы есеп дайындады.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жұмыс тобының отырысында қарау нәтижесінде Есеп бекітілді және Қазақстан Республикасында UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуін енгізу ұсынылды.

Сарапшылардың пікірінше, елдегі уақытты есептеудің көрсетілген нұсқасы ең дұрыс және қолайлы нұсқа болып табылады, Қазақстанның көптеген өңірлері үшін табиғи уақытқа өте жақын уақытты пайдалануға мүмкіндік береді.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, еліміздің барлық аумағы бойынша UTC+5 бірыңғай сағат белдеуін қолдануды және жергілікті уақытты бірқатар облыстар үшін (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары және Астана, Алматы, Шымкент қалалары) 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 01 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) 1 сағат артқа келтіруді ұсынатын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасы дайындалды.

Жергілікті уақыт Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары үшін өзгермейтіндігін және UTC+5 сағат белдеуінде сақталатындығын атап өткен жөн.

Осылайша, Қазақстан Республикасының барлық аумағында 5 сағат белдеуі (UTC+5) қолданылатын болады.

Еліміздің барлық аумағы бойынша бірыңғай сағат белдеуін анықтау мемлекеттік бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.

Үкімет қаулысының жобасын талқылау ағымдағы жылдың 22 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» порталында жалғасады.

ҚР Сауда және интеграция

министрлігінің баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале