13.12.2023, 16:00
Оқылды: 28

Теректi аудандык балалар кітапханасы «Ең үздiк» атанды

«Ақжайығым» деп барлық саналы ғұмырын туған өлкесіне дәрiптеуге арнаған, бүгінде туғанына 115 жыл толған, қазақтың маңдайына бiткен көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері, өмірi - өнеге, шығармасы - рухани қазына Хамза Есенжановқа арналған «Қазақ барда,  Хамза бар» атты ұлықтау шарасы өтті.

image-13-12-23-10-46-1

Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспiрiмдер кiтапханасының ұйымдастыруымен өткен «Хамзаны оқимыз» тақырыбындағы облыстық байқауға қатысқан 12 аудан кiтапханаларының мазмұнды да креативтi ic-шараларын сараптай отырып, топ жарып шыққан үздіктер анықталды. Байқау нәтижесінде аудандар арасынан «Ең үздiк» номинациясын Теректi аудандық балалар кiтапханасы иеленді.

Сондай ақ Хамза Есенжановтың мерейтойына арналган шараларды өткiзуге қосқан зор үлесi  үшін Теректi аудандық мәдениет, тілдерді дамыту , дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Лунара Сердалиева, орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Римма Болатова, аудандық балалар кiтапханасының меңгерушісі Айнагул Төрекешова облыстық басқарма басшысы Сайран Дуйсеновтың алғысхатымен марапатталады.

 

Жауһар Нұрым,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале