13.12.2023, 11:30
Оқылды: 48

Жемқорлардан тәркіленген қаражат әлі де мектеп салуға жетеді

Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қордан мектеп салуға қаржы бөлуге әлі мүмкіндік бар. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды Kazinform.

казталов мектеп (11)

«150 млрд теңгеден аса қаражат арнайы шотқа (Жемқорлардан тәркіленген қаражат жинақталатын қор) түсті. Бұл арнайы шоттан 62 мектепке қаражат бөлінді. Қазақстанның әр аумағынан берілген ұсынысқа сәйкес қаражат берілді. Бірақ, бәрі жұмсалған жоқ, 90 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген болатын. Сондықтан 60 млрд теңгеге жуық қаражат әлі бар. Егер алдағы уақытта апатты жағдайдағы немесе үш ауысымды мектептер болса, онда соларды жөндеу үшін өтінім келіп түссе, қарастырамыз. Қаражат Республикалық бюджеттік комиссия шешімімен бөлінеді», - деді Ерұлан Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Айта кетейік, қордың қызметі мектептерді, қосалқы ғимараттарды және интернаттарды салу және қайта жаңғырту арқылы үш ауысымдық мектептер мен апатты оқу орындарының мәселелерін шешуге және жалпы білім беру мекемелеріндегі орын тапшылығын жоюға бағытталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале