13.12.2023, 23:36
Оқылды: 36

Батысқазақстандық Құралай тағы да жеңімпаз атанды

Желтоқсанның 11-13 күндері аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің кубогына арналған қоян-қолтық ұрыстан республикалық турнир өтті.

Аталған сайысқа БҚО Полиция департаментінің ЖҚАЖ қызметкері полиция аға лейтенанты Құралай Қабырайқызы 52 келі салмақ дәрежесінде қатысып, жүлделі ІІ орынға ие болды. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

IMG-20231213-WA0353

Айта кету керек, бұл ержүрек қыздың алғашқы жеңісі емес. Ол самбодан ҚР спорт шебері. 2016 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері. 2018, 2019 жылғы Ішкі істер қызметкерлері арасындағы ҚР чемпионатының жеңімпазы; 2019 жылғы қоян-қолтық ұрыстан ҚР чемпионатының қола жүлдегері және 2019 жылғы қоян-қолтық ұрыстан бесінші халықаралық турнирдің күміс жүлдегері; 2023 жылы Астана қаласында қыздар арасында жауынгерлік самбодан Азия чемпионатының қола медаль иегері, Қазақтан чемпионатының жеңімпазы; қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасы ІІМ спартакиадасының алтын жүлде иегері.

IMG-20231213-WA0354

Жуырда Семей қаласында даңқты қолбасшы, дарабоз батыр Қаракерей Қабанбай батыр құрметіне «Қабанбай батыр мемориалы» самбо күресі бойынша оздырылған ерлер мен әйелдер арасындағы чемпионатта жүлделі І орынды иеленген болатын.

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале