14.12.2023, 12:45
Оқылды: 39

Еуроодақ елдері ҚР экономикасына 5,2 миллиард доллар инвестиция салған

Астанада ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Қазақстан-Еуроодақ» диалог платформасының 13-ші отырысы өтті. Шараға орталық мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, дипломатиялық корпус пен бизнес өкілдері қатысты.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

q0ikFCceVC9b0Rof1UeetOy5lw54gIXjUzRyVZzI

Отырыста республиканың салық және кеден жүйелерін жетілдіру, фармацевтика өнеркәсібін, геологиялық барлау мен аграрлық индустрияны дамыту, бизнеске лицензия, несие беру және қолдау көрсету, экспорттық-импорттық операцияларды жүргізу кезінде жүктемені азайту, сондай-ақ басқа да бірқатар мәселе егжей-тегжейлі талқыланды.

Премьер-Министр өз сөзінде бүгінгі таңда Еуропалық одақ Қазақстанның ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі екенін атап өтті. Еуропалық инвестициялардың жалпы көлемі $175 млрд-тан асты. Атап айтқанда, 6 айда ЕО елдері ҚР экономикасына $5,2 млрд инвестиция салды.

psx-20231213-205602

«Қазақстанның сыртқы саудасында ЕО үлесі шамамен 30%-ды құрайды. 10 айда тауар айналымы $34 млрд-тан асты. Бұл көрсеткіштер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруға негізделген жүйелі бағытымызды айқындай түседі», — деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде ҚР экономикасының түрлі салаларында 3 мыңнан астам еуропалық компания табысты жұмыс істейді, олардың ішінде Shell, Eni, Air Liquide, Alstom және Claas сияқты ірі трансұлттық корпорациялар бар.

«Биыл инвестициялық өзара іс-қимылды дамытуда өте жемісті болды. Ортақ пул жаңа ірі жобалармен толыға түсуде. Бұған Svevind компаниясының жасыл сутегі жобасын іске асыруы, Total компаниясымен қуаты 1 ГВт болатын жел паркін салу туралы келісім, Knauf компаниясының 4-ші гипсокартон зауытын ашу жоспары, сондай-ақ Scania компаниясының көлік құралдарының ірі құрамдас бөлшектерін құрастыру жұмыстарын іске қосуы жарқын мысал бола алады», — деді Үкімет басшысы.

ZGK4NW6lFZbzHNGxjVQa0Lwa9Z4lG9HFFka3vIwJ

Оның айтуынша, Қазақстанда еуропалық компаниялар қатарының арта түсуі республиканың инвестициялық тартымдылығының жақсарғанын білдіреді.

Бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасау және инвестициялық ахуалды жақсарту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

«Біз сапалы және ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту үшін барынша қолайлы жағдайлар жасауға ұмтыламыз. Ол үшін ең үздік әлемдік стандарттарға сәйкес инвестицияларды қолдаудың нормативтік-құқықтық базасы мен құралдары тұрақты негізде жетілдіріліп отырады», — деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр Қазақстанда ESG стандарттарын ескере отырып, Инвестициялық саясаттың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы қабылданғанын еске салды. Жобаларды сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін Ұлттық инфрақұрылымның 2029 жылға дейінгі жоспары әзірленуде. Жаңа Салық кодексі аясында әкімшілендірудің сервистік моделі енгізіледі.

«Инвесторларға мемлекеттік қызметтерді алу және жобаларды сапалы жүргізу ыңғайлы болуы үшін Ұлттық цифрлық инвестициялық платформа әзірленуде», — деді Әлихан Смайылов.

Жалпы, Премьер-Министрдің айтуынша, ҚР Үкіметі қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты кезең-кезеңмен жалғастырады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале