Шыңғырлау ауданы Ащысай ауылының тумасы, айбынды спортшы, білім беру ісінің үздігі, ауданның спортын дамыту жолында талай жыл елеулі еңбек еткен білікті бапкер Срымов Қази Серғалиұлын еске алуға арналған 2011-2012 жылғы кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық ашық турнир 13-желтоқсан күні басталып, бүгін өз мәресіне жетті.
Дәстүрлі түрде өткізілетін бұл турнирге жыл сайын облыс бойынша қатысушылар саны өсіп келеді. Биыл жарысқа 10 команда, жалпы 110 спортшы қатысып отыр.
Тартысты доданың үздіктерін аудан әкімі М.Өмірәлиев, турнирдің бас демеушісі О.Кушев, облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі Ж.Кусайынов, бас төреші С.Құдайберген, Ащысай мектебінің директоры А.Битенгалиев, аудандық БЖСМ директоры М.Бектияров және Қази Серғалиұлының қызы Замира Срымова марапаттады.
Турнирге қатысушылардың барлығы дайындықтарының мықтылығын көрсете білді. Солардың ішінен 27 келі салмақ дәрежесінде Араслан Хайрошев(Шыңғырлау ауд.), 30 келі салмақ дәрежесінде Ислам Сәкенұлы (Ақтөбе қ.), 33 келі салмақ дәрежесінде Алан Кусанов(Орынбор қ.), 36 келі салмақ дәрежесінде Алихан Жасқайрат(Деркул ауылы), 39 келі салмақ дәрежесінде Мирлан Ерболат(Теректі ауд.), 41 келі салмақ дәрежесінде Алексей Бортников (Орал қ.), 44 келі салмақ дәрежесінде Алексей Черняев(Деркул ауылы), 48 келі салмақ дәрежесінде Әлишер Серікұлы(Шыңғырлау ауд.), 51 келі салмақ дәрежесінде Алибек Габдивалиев(Бөрлі ауд.), 54 келі салмақ дәрежесінде Әбілқайыр Кеңес(Бөрлі ауд.), 57 келі салмақ дәрежесінде Ихсанов Ильхам(Бөрлі ауд.) суырылып алға шығып, жүлделі І орынды иеленді.
Сонымен қатар үздік ойын көрсетіп, кәсіби шеберліктерімен көзге түскен жас спортшылар номинациялармен марапатталды.
Жоғары деңгейде ұйымдастырылған екі күндік ашық турнир осылай қорытындыланды.
Гүлжазира Асу
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz