15.12.2023, 12:15
Оқылды: 31

«Айбоз» Ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары марапатталды

Алматыда «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, байқау биыл екінші рет өткізілді. 

558f58c92a003d05a092ca97f45018fd_1280x720

2023 жылы «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығына авторлар 7 номинация бойынша 308 шығармаға өтінім берді.

Оның ішінде «Үздік балалар әдебиеті» номинациясына 46 шығарма, «Үздік драматургия» номинациясына 32 шығарма, «Үздік әдеби аударма» номинациясына 23 шығарма, «Үздік әдеби сын» номинациясына 10 әдеби сын, «Үздік комикс» номинациясына 12 комикс, «Үздік поэзия» номинациясына 79 шығарма, «Үздік проза» номинациясына 106 шығарма бар.

Тәуелсіз қазылар алқасының жасырын дауыс беру нәтижелері бойынша «Үздік проза» номинациясы бойынша «Анамның құрбысы» шығармасының авторы Қуандық Түменбай, «Үздік поэзия» номинациясы бойынша «Көзімнен сүй, көбелек» шығармасының авторы Жанат Тілегенов марапатталды. «Үздік драматургия» номинациясы бойынша Исраил Сапарбайдың «Адам ата, Хауа ана» шығармасы ең көп дауыс жинады.

«Үздік әдеби аударма» номинациясы «Қасқырлар құпиясы» шығармасының авторы Абай Мауқараұлына берілді. «Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша Серік Асылбекұлы «Концерт» шығармасымен,  «Үздік әдеби сын» номинациясы бойынша  Дидар Амантай «Абай һәм Ницше іліміндегі Құдай, адам және автор мәселесі: үш супер мағынаның күйреуі» әдеби сын туындысымен марапатталды. «Үздік комикс» номинациясына «Бейбарыс» шығармасымен Салимгали Мырзашев ие болды.

Ұлттық әдеби сыйлықтың жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайды.

«Айбоз» - отандық әдебиетшілерді қолдау және ынталандыру мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі құрған ұлттық әдеби сыйлық болып табылады.  Сыйлық әр түрлі жанрдағы көрнекті шығармалар үшін беріледі. Байқауға бұрын жарияланбаған шығармалар ғана қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале