Бұл туралы БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Біз бұған дейін 21 қазан күні Орал қаласындағы Ж. Досмұхамбетов атындағы колледж жатақханасының 8 қабатынан 17 жастағы студент қыздың құлап кеткені туралы жазған болатынбыз.
Екі айға жуық ауыр халде реанимацияда жатқан сол студент қызға дәрігерлер бірнеше ота жасапты.
- Көпбейінді облыстық аурухананың хирург, нейрохирургтерінің бақылауында болған қыз балаға бірнеше ота жасалды. Қазіргі уақытта қолына, бел омыртқасына ота жасалып шыққан қыздың жағдайы орташа ауырлықта, - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Осы іске қатысты БҚО Полиция департаменті тергеу жүргізетіндіктерін мәлімдеген болатын.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz