16.12.2023, 15:27
Оқылды: 89

«Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»: Оралда дөңгелек үстел отырысы өтті

Бүгін Тәуелсіздік күніне орай Ж. Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханада «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты дөңгелек үстел өтті.

IMG-20231216-WA0093

Облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов төрағалық еткен жиынға Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, еңбек ардагерлері, басқарма басшылары, ЖОО ректорлары, азаматтық қоғам және жастар өкілдері қатысты.

InShot_20231216_151520294

- Жаңа Қазақстан тарихында Тәуелсіздік күнінің мәні мемлекеттік мереке ретінде сақталып, тәуелсіздік алуға үлес қосқан батырларымызға тағзым күні ретінде атап өтілуде. Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі, дербестігіміздің берік негізі. Ең қастерлі, қасиетті құндылығымыз. Тәуелсіздік күні – төл тарихымыздағы егемен ел болуды аңсаған, ата-баба арманы ақиқатқа айналған айрықша мән-мағынасы бар ұлы күн. Біз осыдан отыз екі жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.

Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар. Ал, қазақтың пешенесіне өз мемлекетін құру бақыты жазылды. Бұл – ұлы бақыт, ұлттың бақыты! Бұдан асқан қуаныш, бұдан биік мәртебе бар ма?! – деген болатын. Бұл сөздердің астында терең мағына жатыр. Тәуелсіздік күні – өз өмірін халқымыздың бостандығы мен егемендігі үшін күреске арнаған ұлттық тұлғаларды – батырларды, алашордашыларды, Екінші дүниежүзідік соғыс ардагерлері мен желтоқсаншыларды еске алатын күн. Олар елімізді сыртқы агрессиядан қорғады, мемлекеттігімізді нығайтты, ұлттың басты арманы – егемен мемлекетті құруға жол ашты, - деді Бақытжан Хаберұлы.

IMG_20231216_151020_154

Жиын барысында сөз алған облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, М. Өтемісов атындағы БҚУ Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Альфия Байболсынова Тәуелсіздік күнінің мән-маңызы жөнінде ой толғады.

IMG_20231216_151014_665

«Батыс-Желтоқсан» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Жұмабек Мұқанов Желтоқсан оқиғасына, аталмыш бірлестіктің атқаратын жұмысына тоқталды. Әсіресе қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тіл білмейтіндердің қазақ тілін үйренетін кезі келгенін ерекше атап өтті.

IMG_20231216_150954_680

Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледждің 4-курс студенті, студенттік парламент президенті Нұрсұлтан Парахатов жастардың ел үшін қызмет етуге әрдайым дайын екенін жеткізді.

InShot_20231216_151647232

Жиын соңында Желтоқсан оқиғасына қатысқандар – Мұхтар Нұрланбаев, Жұмабек Мұқанов, Замзагүл Қожина, Гүлназ Сүлейменова және Күнзила Мақсотова облыс әкімі Нариман  Төреғалиевтің алғысхатымен марапатталды.

IMG_20231216_150932_066

IMG_20231216_150940_104

Босқосу соңы облыстық филармония әртістерінің концертіне ұласты.

IMG-20231216-WA0091

Айна Имашева,

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале