Бөкей Ордасы ауданындағы Сайхын ауылында "Символ" ЖШС жас мамандарға арнап салып жатқан 6 баспана қыркүйек айында берілмек. Бұған облыстық бюджеттен 40,2 млн. теңге бөлінген.
Серіктестік директоры Есқайыр Елемесовпен əңгімелескен облыс басшысы Алтай Көлгіновке аудан əкімі Нұрлан Рахымжанов жыл аяғына дейін тағы он үйдің іргесі көтерілетінін айтты.
Сонымен қатар жеке кəсіпкер Бибігүл Жұмағұлова жеке қаражатына он отбасыға арнап екі үй салуда. Кейін бұл үйлерді аудан əкімдігі меншігіне алып, əлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға жалға береді.
Құрылыстың мəн-жайына қаныққан облыс əкімі кейін Күйшілер аллеясында еңбек ардагерлерімен кездесті.
Жиында еңбек ардагері Ноқаш Қадымов Ресейдің Астрахан облысынан пойыздың аудан аумағында теміржол стансасына аялдау мəселесі шешілмей келе жатқанын жеткізді.
Ал Əбуқан Есалиев Жамбыл, Көктерек, Бөрлі ауылдарына су құбырын тартуға 770 миллион, 11 елді мекенге көгілдер отын жеткізуге 2 млрд. 133 млн. 603 мың теңге қаражат қажет екенін, əйтпесе қаржы есебі енген жобалық-сметалық құжат мерзімі ескіретінін айтты.
Өңір жетекшісі ауыз су мен газ тарту облыс бойынша өзекті екенін тілге тиек етіп, кезең-кезең бойынша қаржылық мүмкіндікті қарастыратынын жеткізді.
Кездесуде аудан жастары да сөз алды.
Нұртай Текебаев
www.zhaikpress.kz