БҚО-дағы Казталов ауданының прокуратурасы тексеріс барысында «Мясная Индустрия» ЖШС-ға ірі қара малды бордақылау үшін 158 миллион теңге заңсыз субсидия берілгендігін анықтады.
Осылайша, инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша негізсіз субсидиялау белгіленген.
Атап айтқанда серіктестіктің өтінімінде 5000 орындық мал бордақылау алаңын қабылдау туралы көрсетілген.
Алайда сараптама қорытындысында 4800 мал орны расталса, өтінімде жұмыс жобасы болмаған. Жобаның орнына өтінімге сметалық құжаттамасы бар сараптама қорытындысы қоса берілген.
Объектінің аумағында инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған.
Сондай-ақ Серіктестік сатып алған 853 асыл тұқымды бастың 536 Батыс Қазақстан облысынан тыс жерде екендігі анықталған.
Аталған фактт бойынша аудан прокуратурасы БҚО ауылшаруашылық басқармасына ұсыну енгізді.
Басқарма құны 77 миллион теңгеге бордақылау алаңын салу шығынын және 80 миллион теңгеге асыл тұқымды мал сатып алуға негізсіз субсидия алғаны үшін сотқа талап берген.
Соттың аппеляциялық сатысымен мемлекетке келтірілген шығын толығымен 158 миллион теңге көлемінде өндірілген.