«Қазақ» газетін шығаруда белгілі Алаш көсемі Ахмет Байтұрсынов пен Алаш қозғалысын қолдаушы белгілі меценат Ахмет Оразайұлының бастамашыл болғанын білеміз бе?
Фото: qazaqtimes.com
Қос Ахмет шамамен 1910 жылдары Орынбор генерал-губернаторының атына «Қазақ» атты газет ашуға өтініш білдірген хаттарын жолдайды.
Олардың өтініштері үш жылдай Орынбор әкімшілігінің кеңсесінде жатып, ақыры қанағаттандырылып 1913 жылдың 5 қаңтарында патша үкіметі жоғарғы баспасөз басқармасы рұқсат еткен бұйрығы шығады.
Онда «Қазақ» газетіне үкіметтің ресми жарлықтарын, Мемлекеттік Дума жұмысын, ішкі-сыртқы жаңалықтарды, қазақ тұрмысын, мәдениетін, оқу-ағарту саласын, денсаулық пен мал дәрігерлік ісін, жергілікті хабар-ошарларды жариялап тұруға мұрсат берілетіні жазылады.
Осылайша Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетін шығаруда редакторлық шығармашылық жұмысты атқарса, Ахмет Оразайұлы газеттің қаржыландыруды өз мойнына алады.
Бұл Ахмет Байтұрсынов айтқандай, «Қазақ» газеті 1913-1918 жылдары қазақтың «көзі, құлағы, Һәм тілі» болып, елдің көзін ашқаны белгілі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz