Жәнібек ауданы әкімінің орынбасары Мирболат Бисенов аудан тұрғындарын мал азығымен қамтамасыз етіп отырған Арман Ысқақов және Бейбіт Даумовтың атқарып жатқан жұмысын көрді.
Ең алдымен Арман Ысқақовтың қожалығына барып, жұмыс барысымен танысты. А.Ысқақов ақ бидай мен жемді шекаралас Ресей елінен әкеліп саудалауда. Сөзіне сүйенсек, қазіргі таңда сауда-саттық өте қызу жүріп жатыр екен.
Сонымен қатар Мирболат Бауыржанұлы көлік жуу орнымен де танысты. Арман Берікұлы екі адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Одан кейін Бейбіт Даумовтың жеке қожалығымен танысты. Б. Даумов арпа егіп, қазіргі таңда аудан тұрғындарына мал азығын тиімді бағада сатып жатыр. Кездесуде болашақта жүзеге асатын бизнес идеялар талқыланды.
Райымбек Шапағат,
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz