21.12.2023, 15:45
Оқылды: 21

Мерейтой иесін құттықтады

Жәнібек аудандық комитетінің хатшысы Сәния Хамзина мерейлі 80 жасқа толып жатыр. Ол қазіргі таңда Орал қаласында тұрып жатыр. Мерейтой иесін құттықтау үшін арнайы барған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов пен аудандық архив бөлімінің меңгерушісі Жанар Қошанова аудан әкімі Тимур Шиниязовтың ыстық ықыласын жеткізіп, құттықтау хаты мен естелік сыйлығын тарту етті. Сонымен қатар Жәнібек аудандық ардагерлер ұйымының құттықтау хаты да туған күн иесіне жетіп, табысталды.

FB_IMG_1703134888373

Сәния Құрмашқызы Жәнібек ауылында дүниеге келген.

1960 жыл орыс орта мектебін бітірді. 1960-1964 жылдары А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтының тарих-филология факультетін бітіріп, 1964 жылы Калинин орта мектебінде орыс тілі пәнінің мұғалімі қызметінде еңбек жолын бастайды. 1966-1972 жылдары Бүкілодақтық коммунистік жастар одағының Жәнібек аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі, ІІ хатшысы және І хатшысы қызметтерін атқарған. 1972-1992 жылдары Қазақстан коммунистік париясының Орда аудандық комитетінің хатшысы, ІІ хатшысы және Жәнібек аудандық комитетінің хатшысы, 1992-2001 жылдары Жәнібек ауданының әкімдігінде бөлім меңгерушісі, аудандық статистика бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2001 жылдан бері зейнеткерлік жаста. Еңбек ардагері, Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі, Батыс Қазақстан облыстық ардагерлер кеңесінің тексеру комиссиясының төрайымы. Қазақ СРО жоғарғы кеңесінің Құрмет грамотасымен, БҚЖО орталық комитетінің медалімен марапатталған. Орда және Жәнібек аудандық кеңесінің депутаты.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале