22.12.2023, 9:00
Оқылды: 197

Қазақстандық оқушылар қысқы демалыста неше күн демалады?

Қазақстандық мектептерде екінші тоқсан аяқтала келді.

Қысқы демалыс 2023 жылдың 29 желтоқсанынан 2024 жылдың 7 қаңтарын қоса алғанда 10 күнге созылады.

казталов мектеп (8)

Фото: zhaikpress.kz

Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушыларының қысқы демалысын және бос уақытын тиімді, әрі тұлғалық дамыту мақсатында мектепішілік қысқы каникул іс-шараларының жоспарын әзірлеуде «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» негізге алуды ұсынады.

«Балалар кітапханасы» жобасы аясында «Үнемі оқитын адам – табысты адам» тақырыбында оқырманмен кездесу, оқыған кітаптары туралы талқылау;

«Ұлттық мектеп лигасы» жобасы негізінде білім алушылардың денсаулығы мен әл-ауқатын нығайтуда білім ұйымдарымен бірлесе «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» спорттық ойындар өткізу;

«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында «Мен оқыған бір ертегі», «Парасаттылық туралы» тақырыптарында білім алушылармен әңгімелесу;

«Ата-аналар мектебі» жобасын орындауда «Қыз намысы – ұлт намысы», «Әкеңнің төріне сенбе, еткен еңбегіне сен», «Отбасылық таланттар» тақырыптарында ата-аналар жиналыстарын өткізу;

Құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті қалыптастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру ұсынылады.

Атап өтейік, аталған іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале