Қаратөбе ауданының 95 жылдығына орай аудандық ауруханаға төрт жедел жәрдем көлігі және бір жеңіл автокөлік кілттері табысталды.

Көліктер медициналық мекемелерді материалдық- техникалық
жағынан барынша жабдықтау мақсатында жергілікті бюджет есебінен алынған.

Бұл қызметтік автокөліктер Қоскөл, Жусандыой дәрігерлік амбулаторияларына және аудандық ауруханаға берілді.

Автокөліктердің кілтін БҚО әкімі аппаратының басшысы Нұрділда Ораз табыстады.

zhaikpress.kz