22.12.2023, 16:30
Оқылды: 69

«Төрлет, төрлет Жаңа жыл» ертеңгілігі өтті

Көңілімізге шаттық пен қуаныш, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын Жаңа жыл мерекесі де таяп келеді. Бүгін Жаңақала ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің ұйымдастыруымен «Төрлет, төрлет Жаңа жыл» атты ертеңгілігі өтті.

жаңажыл

«Жаңа жыл» әнімен ортаға шыққан Әділ Төлеген қатысушыларды биге шақырып, шараны ашып берген болатын.

Алғашқы сөз кезегі психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінің меңгерушісі Жанаргүл Ізбасарқызына беріліп, барша бүлдіршін мен ата-аналарын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді.

Аудандық мәслихат төрағасы Қамбар Сүлейменұлы сөз алып, өз құттықтауын жеткізді.

Түрлі персонаждардың рөлінде сәнді киінген балалардың сахнадағы  бет-бейнелері көздің жауын алады.

Мерекенің сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақарды қарсылап, жиналған бүлдіршіндер «Единорог» биін биледі.

Бөбектердің дайындаған өнерлерін тамашалаған Аяз ата баршасына өзінің дорбасынан сыйлықтарын  үйлестірді.

«Өткен жылда өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп» демекші, ескі жыл қоян жылымен қоштасып, сахна төріне ұлу жылының кейіпкері келіп, баршасымен амандасып, жаңа жылдық тілегін жолдады.

Әрі қарай балалар ата-аналарымен бірге «Аққала» ойынын ойнап, бір серпіліп қалды.

Барша бөбектерге таныс «Бауырсақ ертегісін» сомдаған балалар өз рөлдерін керемет деңгейде алып шықса,  Аруназ бен Айназым есімді бүлдіршіндеріміз бастаған бір топ қатысушылар флешмоб билеп, өнерлерін ортаға алды.

Ауданымыздың атымтай жомарт азаматары Қамбар Сүлейменұлы мен Ержан Жасқайратұлы  демеушілік жасап, барша бүлдіршінге жаңа жылдық сыйлық табыс етті.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале