Сырым аудандағы дарынды, талантты балалардың басын қосқан “ORTA” дарынды балалар орталығының ұйымдастыруымен үстел теннисінен 2008-2015 жылы туған жасөспірімдер арасында аудан біріншілігі өтті.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев, аудандық кірістер бөлімінің басшысы Арман Ғұмаров қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.
“Сарой”, “Бұлан”, “Қызылағаш”, “Лицей”, “ORTA” командаларының сайдың тасындай іріктелген жас спортшылары өзара бақ сынады.
Үстел теннисінің жас шеберлері арасынан үздіктер анықталып, қатысушылар жас ерекшелігіне сай жүлделі орындарға ие болды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz