25.12.2023, 16:00
Оқылды: 86

Заңсыз крипто айырбастаған

Елорда тұрғыны Telegram мессенджерінде цифрлық активтерді заңсыз ақшалай сыйақыға айырбастау қызметін ұйымдастырған. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.

6e9dc949-e667-4f7e-9c77-131f10a0ec00

Фото: pixabay.com

Аса ірі көлемдегі цифрлық активтерді айырбастау саласындағы заңсыз кәсіпкерлік қызметке қатысты қылмыстық істі ҚМА астаналық департаменті аяқтады.

Аталған азаматтың Қазақстан аумағында кепілдендірілген цифрлық активтерді сату/сатып алу туралы мессенджер арқылы хабарландыру жіберіп, крипто айырбастау қызметін ұсынғаны анықталды.

Осы әрекеттерімен ол жеке тұлғаларға, оның ішінде резидент еместерге Қазақстандағы кез келген қамтамасыз етілген еркін айырбасталатын валютаға қамтамасыз етілмеген электрондық цифрлық активтерді сатып алу мүмкіндігін ұсынды.

Биыл ақпан-шілде айлары айырбастау пункт қызметін атқарып, 342 миллион теңгеден астам USDT криптовалютасын қолма-қол ақшаға сатқан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале