26.12.2023, 23:00
Оқылды: 21

Бәйгелерде бәсі биік журналист

Батыс Қазақстан облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен «West Innovation» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мәдениет қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға жағдай жасау, нөлдік төзімділікті қалыптастыру, оның пайда болуының себептерін шешуге тарту, шығармашылық бастаманы дамыту, келеңсіз құбылыс қаупінің пайда болу мәселелерін зерделеуге, қоғам мен мемлекет арасындағы сындарлы диалогқа қызығушылықты қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – баршаға ортақ міндет» атауымен үздік эссе байқауы ұйымдастырылған болатын.

IMG-20231226-WA0119

Байқау қорытындысы бойынша облысымыздың түкпір-түкпірінен қатысқан он алты үміткердің арасынан тақырыпты аша білу, эссесінің тәрбиелік мәні, тың ұсыныстарымен ерекшеленген әріптесіміз, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Жәнібек аудандық музей бөлімінің меңгерушісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі Меңдігүл Фазылова үшінші орынға ие болып, диплом мен қаржылай сыйлықты қанжығасына байлады.

Сонымен қатар таяуда Астана қаласында «SAQSHY» және «На страже» ведомстволық газеттерінің 90 жылдығын мерекелеуге орай Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде өткен салтанатты шара шеңберінде ұйымдастырылған республикалық «Қанатты қалам» байқауында «Polisia.kz» журналының «Үздік автор» номинациясы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Е.Саденовтың атынан дипломмен марапатталған журналиске «Үздік автор» статуэткасы тапсырылды.

Гүлзара Мәди,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале