27.12.2023, 15:30
Оқылды: 83

Жаңақалада ертеңгілік ұлттық нақышта өтті

«Жылдар тоғысындағы жаңа жыл» атты «Ер Төстік» ертегі желісі бойынша Жаңақала мектеп-гимназиясы ұйымдастырған Жаңақала ауданы әкімінің шыршасы ұлттық нақышта өтті.

 image-27-12-23-01-38

«Саржайлау» әнін шырқаған бір топ ертегі кейіпкері жиналған балаларды ортаға шақырып, мерекелік ән мен би шырқай бастады. Аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев сөз сөйлеп, мерекелік кеш қонақатарын жаңа жыл мерекесімен құттықтап, лебізін білдірді.

image-27-12-23-01-38-1

Содан соң көптен күткен қуанышты сәтке жиналған бүлдіршіндерге 100 мың теңге көлемінде ақшалай сертификаттар мен тәттілер жиынтығын табыс етті.

Керемет сыяпатқа ие болған балғындардың жүздерінен ерекше қуаныштың белгісі сезіліп тұрды.Аталмыш оқу ордасының бір топ оқушысы Махамбет бабамыздың «Жұмыр қылыш» күйіне «Батырлар» биін биледі.

image-27-12-23-01-38-5

Елордамызда орналасқан, 25 жылдық тарихы бар бәйтерек іспеттес биік мұнараның шамы жағылып, бүлдіршіндер өз арман-тілектерін айтып, сый-сияпатқа бөленді.

Сахна төріне көтерілген өткен жыл – қоян жылы барша бүлдіршінге игі тілегін арнап, өз кезегін келер – ұлу жылына табыстады.

Ата бабамыздан қалған мәдени мұрамызды заман талабына сай жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында қазақ ертегісінің желісімен ұйымдастырылған шара болғандықтан, бұл жылы әдеттегідей Аяз ата емес, Қыдыр ата ортаға шығып, батасын берді.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале