Теректі аудандық мәдениет үйінде аудан әкімдігінің қолдауымен, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен ерекше балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті.
Мерекелік шараға аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты. Кеште сөз алған аудан басшысы Әлия Биғазықызы бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Жаңа жыл кешіне 42 бүлдіршін қатысты. Аудан бойынша мүгедектігі бар 142 бала бар.
Айта кету керек, барлық балаға арнайы тәттілер мен естелік сыйлық табысталды.
Кеште үлгілі «Жұлдыз» би ансамблі мен «Өркен» вокалды ансамблі ән-биімен балалардың көңілін көтерді. Шырша жанына жиналған мультфильм кейіпкерлері - қуыршақ Лол, Хагги Вагги, аққала, ақ аю, барыс, қоян, ұлу мерекенің сәнін кіргізді. Әсем кештің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақшақар балалармен би билеп, ойындар ойнап, көңіл көтерді.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz