Теректі ауданында мәслихаттың ХІІ кезектен тыс сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімінің орынбасары Қалаубек Теміров, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім басшылары қатысты.
Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Әлжан Нұрғалиев төрағалық етті.
Күн тәртібінде аудандық және ауылдық округтердегі сайлау комиссиясының құрамын бекіту мен оның жұмыс барысы қаралды.
Баяндаманы комиссия қалыптастыру бойынша жұмыс тобының төрағасы Мирхат Ибраев таныстырды.
Шешім депутаттар тарапынан қолдау тауып, сайлау комиссияларының құрамы бекітілді.
Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz