27.12.2023, 18:00
Оқылды: 46

16 құс түрінің 319 сүйегі табылды

АСБК өткен жылдан бері «Бөкейорда» жаңа мемлекеттік резерватымен біріге қызмет етіп жатыр.

Олар жануарлардың негізгі түрлерінің күйін зерттеп, дерек жинап, бақылауды жүйелеп жатыр, деп жазады Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы facebook парақшасында. 

414455127_770836061750018_2198227000758215475_n

2023 жылдың жазында резерват аумағы мен оған іргелес Ащыөзек қаумалында дала қыраны санаққа алынды. Қазан айында АСБК мамандары мен резерват қызметкерлері электр жеткізу желілерінің дала қыраны мен басқа да жыртқыш құстардың қаза болуына әсерін тексеріп шықты.

414468466_770836075083350_171366453122747852_n
Барлығы 614,4 шақырымға созылған, резерват және оның маңайындағы аумаққа қарасты электр жеткізу желілері қаралды. Нәтижесінде тоққа түсуден құстар өлімінің тым көп болатындығы анықталды. 16 құс түрінің 319 қалдық сүйегі табылды.

WhatsApp Image 2023-12-27 at 16.57.37
Көпшілігі — ҚР Қызыл кітабына енген дала қыраны, қарақұс, аққұйрықты субүркіт және безгелдектің сүйектері. Электр сымына тікелей соққыдан безгелдек, ал тоққа қонып зақымданудан жыртқыш құстар мерт болатынын айта кету керек.
Резерват қызметкерлеріне электр жеткізу желілерінің санқилы құс түрлеріне әсері жайында трениң өткізілді.
Аталған іс шаралар АСБК-ның Орталық Азия-Үндістан ұшу жолындағы ең негізгі құс түрлерін сақтау жобасы аясында жүргізілді.
Бұл жоба Ұлыбритания Үкіметінің Халықаралық даму бағыты есебінен қаржыландырылды.

Мұнымен қоса құстарды қорғау корольдік қоғамымен (RSPB) серіктестікте атқарылып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале