28.12.2023, 12:02
Оқылды: 84

ТЖМ ескертеді: Жаңа жыл кешіндегі өрт қауіпсіздігі

Төтенше жағдайлар министрлігі жаңа жылдық іс-шараларды өткізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салады.

 

46f816088d1ff2270daa3a7ccecbb5c2_1280x720

Біріншіден, ұйым басшылары жаппай мерекелерді өткізу кезінде келесіні ескеруі қажет:

- кемінде екі эвакуациялық шығуы бар, терезелерінде торлар жоқ және 2-ші қабаттан жоғары емес орналасқан үй-жайларды ғана пайдалануға рұқсат етіледі;

шыршаларды тұрақты негізде, бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей етіп, үй-жайдан шығуды қиындатпайтындай етіп орнату керек;

- иллюминацияны электр қондырғыларының техникалық нормаларын сақтай отырып орнату керек. Егер иллюминацияда ақау анықталса (сымдардың қызуы, шамдардың жыпылықтауы, ұшқынның пайда болуы) оны дереу токтан ажырату керек;

- іс-шараларды өткізу кезінде сахнада және залдарда өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғалардың кезекшілігін ұйымдастыру қажет. Іс-шаралар өткізілетін залдар бастапқы өрт сөндіру құралдарымен (өрт сөндіргіш) қамтамасыз етілу керек.

Мыналарға:

- үй-жайларда өртке әкеп соғуы мүмкін отшашуларды ұйымдастыруға;

- қатарлар арасындағы жолдардың енін азайтуға және өту жолдарында қосымша орындықтар орнатуға;

- іс-шара кезінде бөлмедегі жарықты толығымен өшіруге;

- үй-жайды белгіленген нормадан артық адамдармен толтыруға қатаң түрде рұқсат етілмейді.

 

 

Ақпарат ҚР Төтенше жағдайлар

министрлігінің ресми сайтынан алынды

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале