29.12.2023, 9:30
Оқылды: 55

"Көрген кезде шошып кетті". Анасы мен ұлы қауышқан сәт қазнетті тәнті етті

Әлеуметтік желіде бірнеше айдан кейін анасы мен ұлының қауышқан сәтінің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

IMG-20231229-WA0013

Кадрларда қызы анасын суретке түсіргені, осы сәтте алыс сапардан келген ұлы анасына көрінбей бірге суретке түскені байқалады. Суреттен ұлын көрген әйел шошып кетеді, ал кейін жасырынып тұрған жерінен ұлы шығады.

"Нұрба таңертең Венгриядан ұшып келді. Анам білмейді. Анасы мен ұлы 4 айдан кейін. Таңғы ас алдында "сізді суретке түсірейін, Нұрба сіздің суретіңізді сұрады" дедім", - деп жазылған видеода.

Желі қолданушылары анасы мен ұлының қауышқан сәтіне жылы лебіздерін жазған.

"Анасы фото монтаж деп ойлады, көрген кезде шошып кетті", "Әрине, бұл жақсы, бірақ анаңыз қатты қорқып кетті", "Алдымен таңғалып, қатты қуанды", "Қандай қуаныш", "50 рет қарадым", "Анаң елес деп ойлап қалды", "Сіздер үшін қуаныштан жылап отырмын", "Қандай бақыт", - деп жазды олар.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале