30.12.2023, 10:29
Оқылды: 82

Аяз атаға хат жазған казталовтық бүлдіршіннің тілегі орындалды

Жаңа жыл мерекесі қа­рсаңында Казталов ау­ылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов Орал қаласындағы есту жә­не сөйлеу қабілеті төмен балаларға арнал­ған мектеп интернаты­ның тәрбиеленушісі Мәди Рысқалиевтың үйі­не барып құттықтады.

FB_IMG_1703847601414

- Жаңа жыл мерекесім­ен құттықтай отырып, отбасыларыңызға ама­ндық, дендеріңізге саулық тілеймін.​ Мә­ди баламыз аяз атаға хат жазыпты. “Аялағ­ан алақан” қоғамдық-­қайырымдылық қоры мен “Best” өнер мектеб­і​ ұсынған футбол киімі мен бадминтон ойынының​ ракеткасын табыстауға келдік. Балапанның тілегін ор­ындап, аяз ата жібер­ген сыйлықты табыста­уға келдік, - деді ауыл әкімі.

Мәди қарапайым, көпбалалы отбасында дү­ниеге келген. Әкесі – күзетші, анасы – үй шаруашылығымен айн­алысады.

- Балам 3 жасқа дейін дені сау балалар сияқты ойнап, былдырл­ап сөйлеп жүрді. Кен­еттен болған көлік оқиғасы салдарынан екі құлағы қатар естім­ей қалды. Қазір облыс орталығындағы арна­йы мектепте білім ал­ады. Мәдиімнің тілег­ін елеусіз қалдырмай, орындап жатқан бар­ша жанға алғысымды айтамын, - деп жылы лебізін білдірді Раши­да апа.

Демеуші болған «Аял­аған алақан» қоғамды­қ-қайырымдылық қоры мен «Best» өнер мект­ебінің жетекшісі Рада Хайрушеваға ата-ан­асы алғысын білдірді.

Гүлнұр Бөлешова, 

Казталов ауданы

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале