Оралда Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежайы 30 желтоқсанда ұшу әуежайларында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолаушылар үшін ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету себебінен рейстердің кешігуі күтілетінін хабарлайды.
Кешіктірілген рейстер келесі рейстердің тізбекті кешігуіне әкелуі мүмкін, осыған байланысты жолаушыларға әуекомпаниялардың анықтамалық қызметтерінде өз рейсінің мәртебесі мен ұшу уақытын алдын ала нақтылау, сондай-ақ әуекомпаниялар СМС-тарату түрінде жіберетін ақпаратты ескеру ұсынылады.
Естеріңізге сала кетейік, әуекомпанияның кінәсінен рейс кешіктірілген жағдайда, жолаушыларға кешігу ұзақтығына байланысты ҚР заңнамасында көзделген қызметтер (салқын сусындар, ыстық тамақ, қонақүйде орналастыру) ұсынылады.