3.01.2024, 15:45
Оқылды: 40

Ұлы сауда жолы

Бүгіндері көпшіліктің аузында жүрген Ұлы жібек жолы туралы тарихты тарамдасақ, оның б.д.д ІІ ғасыр мен ХV ғасыр аралығында Қытайды Орта және алдыңғы Азиямен байланыстырған сауда керуендері жолының жалпы атауы екені белгілі.

SeidenstrasseGMT

Фото: wikipedia.org

«Ұлы жібек жолы» деп аталуының себебі сол кездегі негізгі өнім Қытай жібегінің тасымалдануы деседі.

Бастауы Қытайдың орталығынан Ланьчжоу арқылы Дуньхуанға келіп, сол жерден жол екіге айырылып, бірі оңтүстікте Хотан, Яркенд, Балх, Мерв қалалары арқылы өтсе, екіншісі солтүстікке Турфан, Қашғар, Самарқанд арқылы Орта және алдыңғы Азияға барған.

Жібек жолымен әр түрлі бұйым, сонымен қатар жылқы, түйе, құс және қолөнер өнімдері экспортқа шығарылып тасылып отырған. Бірақ сауданың негізі бұрынғы жібек болып қала берген.

ХV ғасырдың аяғына қарай теңіз жолдарының дамуы және соғыстардың болуы, қалалардың қирауы Жібек жолы керуендерінің қатынастарында қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады. Бұл Жібек жолы саудасының қарқынды жүруіне кері әсерін тигізді және сауданың маңызын жояды.

Осылайша Ұлы жібек жолы өз дәуірінде әртүрлі елдердің арасында экономикалық және мәдени байланыстардың орнауына ықпалын еткен Ғасыр жолы болып тарихта қалады.

Зұлқожа Шарафутдинов,

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале