БҚО-да жаңа жыл күндері 74 сәби дүниеге келді.
Оның ішінде 38 қыз бала. Дүние есігін ашқан сәбилердің 36-ы ұл.
Бұл туралы БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
- 31 мен 2 қаңтар күндері облыс аумағында 74 сәби дүниеге келді. Қазір аналардың да, сәбилердің де жағдайлары жақсы. Біздің дәрігерлер мереке күндері де әдеттегідей жұмыс істеп, сәбилердің дүниеге келуіне жағдай жасады. Жаңа жылда әр шаңырақты қуанышқа бөлеп 31 желтоқсан күні дүниеге келген сәбилер үйлеріне шығарылды. Қазір 1-2 қаңтар күндері дүние есігін ашқан нәрестелер үйге шығуға дайындалып жатыр, - деп хабарлады БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Жанат Көшкінбай,
zhaikpress.kz