3.01.2024, 14:45
Оқылды: 89

Казталов ауданына сенаторлар келді

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Арман Өтеғұлов пен Ләззат Рысбекова Казталов ауданына жұмыс сапарымен келді.

IMG20240103133502

Ауданға аяқ басқан халық қалаулыларын Казталов ауданының әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев қарсылап алды.

IMG-20240103-WA0035

Сенаторлар Жалпақтал ауылындағы «Сартаев» жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі «Universal» кешеніне соғып, кәсіпкердің жұмысымен танысты.
Әлібек Сартаев жетекшілік жасайтын кешенде құрылыс материалдар дүкені, автобөлшектер дүкені, балық дүкені және автокөлік жуу, жөндеу, дөңгелек құрастыру бокстары бар.

Негізінен балық шаруашылығымен айналысатын Әлібек Сартаев балықты облыс орталығынан басқа Ресейге де шығарып отыр.

Кәсіпкердің Орал қаласынан ашқан балық дүкенінің өнімдері жоғары сұранысқа ие.

IMG20240103131221
Кәсіпкер сенаторларға балық шаруашылығына қатысты жоспарларымен де бөлісті.

Жалпақтал ауылында болған Сенат депутаттарымен аудандық мәслихат депутаттары кездесіп, қоғамға ортақ Жалпақталға аудан статусын қайта беру, Қараөзен өзені бойындағы елді мекендерді таза ауыз сумен қамту жобасы, Жалпақтал су қоймасын салу секілді мәселелерді айтып, шешуге көмек сұрады.

Мұнан кейін сенаторлар төрт аудан аумағында ашылған «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватының Казталов ауылында орналасқан бас офисіне барды.
Былтыр Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде Казталов, Жәнібек, Бөкей орда, Жаңақала аудандары территориясында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Ащыөзек» республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалы құрылған болатын. Облыс бойынша резерват пен қаумалдың жалпы ауматы - 781 925 гектар. Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау және оларды өсіруге бағытталған​ мекемеде 80 қызметкер штаттық негізде және 20 қызметкер штаттан тыс жұмыс жасайды. Мекеменің базасы жасақталып жатыр. Қазіргі күнде дала жұмысына қажетті техникалар алынуда.
Резерватта болған сенаторлар Орал популяциясына кіретін киіктердің ареалына қатысты сұрақтарын қойды. Сұрақтарға жауап берген резерват директорының орынбасары Аслан Сәрсенбиев сонымен қатар шешімін таппай отырған мәселелерді ортаға салды. Әсіресе, далада өлген киік өлекселерін жинап, өртейтін арнайы орын мен техниканың жоқтығы, резерват теңгеріміндегі техникалар қоятын орын қажеттілігі туралы мәселе көтерді.

Нұр Рахман,
Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале