4.01.2024, 11:30
Оқылды: 33

Былтыр 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі жеткізу арнасы жойылды

"2023 жылы Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жасау бойынша 150-ден астам операция өткізді", - деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

0482bcfb5d283c9da77815c5918c020a_1280x720

Қорытындысы бойынша 34 халықаралық және 32 өңірлік есірткі жеткізу арналары жойылды, 36 жасырын есірткі зертханасының қызметі бейтараптандырылды.

Заңсыз айналымнан 3,6 тоннадан аса есірткі және психотроптық заттар, 21,5 тоннадан астам көкнәр сабанының шикізаты және 75 тоннаға жуық синтетикалық есірткіні жасау үшін пайдаланылатын химиялық реагенттер алынды.

27e19589973f8173d447ecdd6e81aafc_1280x720

Алынған есірткінің «қара нарықтағы» бағасы 20 млрд теңгеден астам болып бағаланады, ал көлемі шамамен 17 млн бір реттік дозаны құрайды.

Осындай қылмыстарды жасады деген күдікпен 101 адам сотталып, 169 республиканың азаматтары мен шетелдіктерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қазақстан арқылы есірткіні әкелу және тасымалдаудың жолын кесу бойынша шетел мемлекеттерінің құзыретті органдарымен бірлескен 32 операция жүзеге асырылды.

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале