4.01.2024, 12:15
Оқылды: 44

Жүргізуші куәлігінен айырылған тұрғын мемлекеттен жарты миллион теңге өндіріп алды

Ақтөбелік жүргізуші өзін медициналық тексеруден өткізуге рұқсат бермей 25 тәулікке заңсыз қамауға алынғаны үшін Қаржы министрлігінен 500 мың теңге өндіріп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ЖП ақша

Ақтөбелік полицейлер жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамның мінген көлігін тоқтатқан. Медициналық тексеруге әкелген кезде ол процедурадан бас тартқан-мыс. Әкімшілік сот мұны үкімет өкілінің талабын орындамау деп бағалап, құқық бұзушыны 25 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған.

Тоғызыншы күні ер адам заңсыз жауапқа тартылғанын дәлелдеп, бірінші сатыдағы соттың шешіміне шағым түсірген.
Басылым мәліметіне сүйенсек, қазылар алқасы жүргізушінің сынақтан өтуден бас тартпағанын, тек оны физикалық түрде жасай алмайтынын анықтады. Бұл ретте сілекейін немесе қанын анализге алуды ұсынды. Осының негізінде сот істі қысқартқан.

Кейін ер адам мемлекетке қарсы шағым түсіріп, оны тоғыз күн бойы заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін екі миллион теңге талап еткен. Сот оның пайдасына шешім шығарып, қаржы министрлігін моральдық шығын үшін 200 мың теңге, заң қызметі үшін 300 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале