Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті, полиция, жергілікті атқарушы органдар мен жедел медициналық жәрдем күштері оқиға орнында 16 сағат бойы үздіксіз жұмыс жасады.
Авариялық-құтқару жұмыстары құлаған конструкция санының көп болуымен қиындады.
Құрылым қирандылары толық аршылды. Жұмыста қолда бар барлық іздестіру әдістері мен құралдары пайдаланылды.
ТЖД күшімен қираған құрылымдардың астынан 6 адам табылып, құтқарылып, оның 5-і медициналық мекемелерге жеткізіліп, 1 адам ауруханаға жатудан бас тартып, сондай-ақ, 3 адамның денесі табылған болатын.
Адамдардың өлімі және оқиғаның себептерін зерделеу үшін оқиға орнында ТЖД анықтаушылары жұмыс жасауда.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін түнде екі қабатты дәмхана ғимаратында алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылуы нәтижесінде ғимараттың құлауы орын алып, кейін жанған болатын.
БҚО ТЖД-ның баспасөз қызметі